Елімізде киікті ғылыми мақсатта аулауға рұқсат беріледі
Сурет: wikimedia
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті "2023 жылғы 15 ақпаннан бастап 2024 жылғы 15 ақпанды қоса алғандағы кезеңге аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою лимитін бекіту туралы" бұйрық әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатқа сәйкес, Қазақстанның төрт облысында ғылыми мақсатта барлығы 1815 киік аулау жоспарланған.
Киік аулаудың мынандай лимиті әзірленді:
- Ақмола облысында – 705 киік;
- Қарағандыда – 700 киік;
- Қостанайда – 210 киік;
- Батыс Қазақстанда – 200 киік.
"Киікке арналған барлық лимит тек ғылыми мақсаттар үшін бөлінеді. Ұсынылған ғылыми мақсаттарда алып қою квоталары Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық, Зооноздық инфекциялар институты, ҚР БҒМ Зоология институты және Қазақ ветеринарлық ғылыми-зерттеу институты үшін кепілдендірілген болып табылады. Қосымша квоталар, оның ішінде басқа ұйымдар үшін облыстар деңгейінде де бөлінген лимиттер шегінде бөлінуі мүмкін," – деп жазылған құжатта.
Құжат 7 ақпанға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript