Халыққа көмір тікелей өндіру орындарынан жеткізілуі мүмкін
Тау-кен металлургия компаниялары қызметінің өзекті мәселелері бойынша өткен кеңес барысында премьер-министр қатысушылармен Қазақстан аумағындағы газ саласында Eurasian Resources Group-тың жаңа инвестициялық жобаларын іске қосу жоспарларын, сондай-ақ теміржол инфрақұрылымын дамыту жобаларын талқылады.
Сонымен қатар кеңесте ішкі нарықты, әсіресе шалғайдағы елді мекендерді көмірмен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Премьер-министр өңірлік операторлардың көмірді бөлу жөніндегі қызметін талдау және басы артық делдалдарды айналып өтіп, әлеуметтік объектілер мен халыққа тікелей өндіру орындарынан отын жеткізудің жаңа тетігін пысықтау қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ қазақстандық және өзбек инвесторларының қатысуымен екі елдің теміржолдары арқылы жүк тасымалдауды жүзеге асыру үшін бірлескен кәсіпорын құру мәселелері талқыланды.