Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде шетелдік нөмірі бар автокөліктерді техникалық тексеруден өткізу жеңілдей түсті

ҚР ИИДМ, көлікті техникалық байқаудан өткізу, шетелдік нөмірі бар автокөлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2023 13:53 Сурет: Zakon.kz
27 қаңтардан бастап шетелдік нөмірлі автокөліктер техникалық тексеруден өте алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі таратқан ақпарат бойынша, шетелдік нөмірлі автокөліктің иелері немесе жүргізушілері 1815 техникалық тексеру орталығының кез келгенінен міндетті техникалық байқаудан өте алады.

Бұл орталықтардың мекенжайлары мен жұмыс уақыты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайтында (құжаттар бөлімінде) жарияланған тізімде көрсетілген.

Еске сала кетейік, былтыр 30-желтоқсанда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заңына қол қойылған еді.

Соған сәйкес "Жол қозғалысы туралы" заңында қарастырылған 88-баптың 1-бөлігіне басқа мемлекеттерде тіркелген автокөлік құралдары Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген немесе кірген сәтттен бастап, 90 күнтізбелік күн асқан бойда міндетті техникалық байқаудан өткізілуіне байланысты толықтырулар енгізілген болатын.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: