Жаңалықтар тізбегі
0

Үкіметте тауарлық газ өндірісін ұлғайту жөніндегі шаралар қаралды

Смайылов, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2023 15:50 Cурет: primeminister.kz
Сенбі, 4 ақпанда, Үкіметте ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Энергетика министрлігінің, "Самұрық-Қазына", "ҚазМұнайГаз" және QazaqGaz ұлттық компаниялары басшыларының қатысуымен жаңа кен орындарын барлау және игеру, қайта өңдеу және газ химиясы салаларындағы жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарлар, сонымен бірге жалпы, газ саласын дамытуды ынталандыру жөніндегі шаралар талқыланды.

Бұдан басқа, жұмыс істеп тұрған кен орындарының ағымдағы өндірістік балансы және перспективті учаскелердің әлеуетті қуаты қаралды. 

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министр бірқатар нақты тапсырма берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: