Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан балалары құқығы бұзылған жағдайда БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетіне шағым түсіре алады

БҰҰ, балалар құқығы, БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитеті, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2023 14:42 Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде ҚР БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Ақан Рахметуллин Қазақстан атынан Бала құқықтары туралы конвенцияға хабарлар рәсіміне қатысты факультативтік хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтының жазуынша, Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясы 2011 жылғы желтоқсанда қабылдаған және 2012 жылғы 28 ақпанда қол қою үшін ашылған осы адам құқықтары саласындағы маңызды халықаралық шартқа қол қойған 53-мемлекет болды.


Бала құқықтары туралы конвенцияға 3-факультативтік хаттама, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2023 14:42

Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі


Құжат БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетіне (бала құқықтары саласындағы 18 тәуелсіз сарапшылар тобы) БҰҰ-ның бала құқықтары бойынша үш негізгі құжаттарымен (Бала құқықтары туралы конвенция және оның екі Факультативтік хаттамалары – балаларды қарулы қақтығыстарға тарту және балаларды сату, балалар жезөкшелігі және балалар порнографиясы туралы) көзделген бала құқықтарының бұзылуы туралы шағымдарды қабылдау және қарау өкілеттігін береді.

"3-факультативтік хаттамаға сәйкес, балалар немесе олардың өкілдері БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетіне өз құқықтарының бұзылуы туралы тікелей шағым бере алады. Комитет, өз кезегінде, әрбір істі қарап, қатысушы мемлекеттерге нақты ұсыныстар баяндалған шешімдер қабылдайды".ҚР Сыртқы істер министрлігі

Құжат Қазақстан Республикасы үшін оны Парламент ратификациялағаннан кейін күшіне енеді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: