Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда жаңа Салық кодексі әзірленіп жатыр

Үкімет, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2023 10:12 Сурет: primeminister.kz
Қазақстанда фискалдық реттеуді қайта қарау үшін жаңа Салық кодексі әзірленіп жатыр. Бұл туралы Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысында айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов ірі шетелдік компаниялардың, дипломатиялық корпус пен орталық мемлекеттік органдардың және "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлихан Смайыловтың сөзінше, 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы оң өсу қарқынын көрсетті. Атап айтқанда, былтырғы 9 айда республикаға тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 17,8% өсіп, 22,1 млрд доллар болды.

"Жаңа экономикалық жағдайда ҚР Үкіметі шетелдік инвесторлардың жұмысы үшін қолайлы жағдай жасап келеді. Бизнес-жобаларға тұрақты негізде фискалдық және фискалдық емес жеңілдіктерді, сонымен бірге преференцияларды қамтитын жан-жақты қолдау көрсетіліп отыр".  Әлихан Смайылов

Премьер-министр Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімді, Жақсартылған модельдік келісімшартты және Инвестициялар туралы келісім жасау процесін жеңілдетуді атап көрсетті.

Премьер-министрдің айтуынша, Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын жақсартудың тағы бір маңызды қыры – болжауға болатын және ашық салық саясаты. Осыған байланысты фискалдық реттеуді қайта қарау үшін жаңа Салық кодексі әзірленіп жатыр. Ол салықтық бақылауды цифрландыруды, сараланған мөлшерлемелерге көшуді, технологиялық жаңғыртуды ынталандыруды, арнаулы салық режимдерін оңайлатуды және тағы басқасын көздейді.

Отырыс аясында қатысушылар бизнес үшін әкімшілік кедергілерді жою, салық салуды жетілдіру, жаңа технологияларды дамыту, жаһандық экономикалық трендтердің Қазақстан экономикасына әсері және тағы басқа мәселелерді талқылады.

Шара қорытындысы бойынша Премьер-министр Үкіметтің өзара тиімді ынтымақтастықты арттыруға бағытталған пікірталастарға, ұсынымдарға және жаңа жобаларға ашық екенін айтты.

"Біз Қазақстанның инвестициялық климатын жақсартуға белсенді түрде қатысып жатқан шетелдік әріптестер мен дипломатиялық корпустың жұмысын жоғары бағалаймыз. Өз тарапымыздан келешегі бар жобаларға қажетті қолдау көрсетуге дайынбыз".Әлихан Смайылов

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: