Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекеттің қаржысына түсірілген ұлттық фильмді көрсеткендер мемлекеттік орталыққа қанша теңге аударуы керек

Ұлттық фильм, ҚР Ақпарат және спорт министрлігі, Ұлттық фильмді қолдау орталығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2023 15:40 Сурет: pixabay
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 ақпандағы бұйрығымен Ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына аударымдар жасау қағидасына өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, құжатта мемлекеттік орталық арқылы ұлттық фильмді қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау алған жеке және заңды тұлғалар Мемлекеттік орталыққа ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден аударымдарды іске асыратыны жазылған.

Аударым ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуді ұйымдастыруды жүзеге асыратын ұйымның үлесі арасындағы айырмадан мынадай көлемде аударылады:

  • әлеуметтік маңызы бар фильмдерді, дебюттік фильмдерді, оқиғалы фильмдерді прокаттаудан және көрсетуден – табыстың 20 пайызы;
  • кең көрермендер аудиториясына арналған ойын фильмдерінен, бірлесіп шығарылған фильмдерден, прокаттаудан және көрсетуден – алынған мемлекеттік қолдаудың пайыздық арақатынасына мөлшерлес.

Бұйрық 2023 жылғы 4 наурыздан бастап күшіне енеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: