Жаңалықтар тізбегі
0

Биыл су тасқыны болуы мүмкін бе - ТЖМ жауап берді

Биыл су тасқыны болуы мүмкін бе - ТЖМ жауап берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2023 10:27 Сурет: primeminister.kz
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннен су тасқыны бойынша қандай дайындық жасалып жатқанын сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин үкіметте су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша ақпарат берді. Оның сөзінше, су тасқыны жағдайының қолайсыз дамуы кезінде су басу аймағында 255 елді мекен болуы мүмкін. Бұл дегеніміз 127 мыңнан астам үй және 700 мыңнан астам азамат.

"Биыл су тасқыны қардың көп болуына және топырақты қабатының қатты тоңазуына байланысты ауқымды болатын түрі бар. Өңірлерде Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық комиссиялардың 114, оның ішінде 31 жоспардан тыс отырысы өткізілді", - деді Юрий Ильин.

Сонымен бірге полиция бөлімшелерімен бірлесіп елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу фактілерін анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар басталды және жүргізіліп жатыр. Бұл дегеніміз - дренаждық және арық жүйелерін ұстау, қар шығару, адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту.


Биыл екі айда 15,1 км уақытша бөген салынды, 24 км-ға жуығы жөнделді, 16 км-ден астам уақытша бөген, сонымен қатар елді мекендердің айналасында 41 км білік тұрғызылды.

Оның 5 мың км-ға жуығы канал мен арық, автомобильдер және темір жолдар астында. 8,5 мыңнан астам су өткізу құрылысы тазартылды. Халықпен 2 мыңнан астам жиын өткізілді, 55 мыңнан астам ұсыныс таратылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: