Жаңалықтар тізбегі
0

Ұзаққа созбай, шешім қабылдау керек — Әлихан Смайылов Қонаев қаласын дамыту туралы

Әлихан Смайылов, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2023 19:22 Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Алматы облысына бұған дейінгі жұмыс сапары аясында берген тапсырмаларының орындалу мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Орталық мемлекеттік органдар мен әкімдік басшылары Алматы агломерациясы, Қонаев қаласы, G4 City интеграцияланған қаласын және жалпы өңірді дамыту жөніндегі шаралар туралы баяндады. Тұрғын үй, әкімшілік және әлеуметтік мақсаттағы объектілерді салу, автокөлік, теміржол, инженерлік және аграрлық инфрақұрылымды жаңғырту, жерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту, индустриялық аймақтар мен өнеркәсіп объектілерінің тиімділігін арттыру, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру туралы әңгіме қозғалды.

Атап айтқанда, Қонаев қаласындағы кәріз-тазарту құрылыстарын реконструкциялау МЖӘ тетігі арқылы жүргізілетіні айтылды. Мәселен, жеке әріптес анықталғаннан кейін КТҚ құрылысына жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталады.

Талқылауды қорытындылай келе, Әлихан Смайылов барлық қатысушы мемлекеттік органдар жаңа облыс орталығы – Қонаев қаласын, G4 City қаласын және бүкіл өңірді дамыту жөніндегі тапсырмаларды орындауға жауапкершілікпен қарау қажетін айтты.

"Біз барлық сұрақты талқыладық. Мемлекеттік органдар қойылған міндеттерді тиісінше пысықтауы қажет. Облыс тұрғындары Қонаев пен өңірдің қарқынды дамуын күтіп отыр, сондықтан қазір әкімшілік рәсімдерді кешіктірмей, қажетті шешімдер қабылдау маңызды". Премьер-министр Асқар Мамин

Үкімет басшысының айтуынша, қабылданып жатқан шаралар облыстың дамуына елеулі серпін беруге тиіс, бұл өз кезегінде өңір тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: