Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде мектептердегі қауіпсіздік ережелері өзгереді

Білім беру ұйымдарының үлгілік ережесі, Оқу-ағарту министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2023 09:29 Сурет: Zakon.kz
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектептің үлгілік ережелеріне түзетулер әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап  айтқанда, білім алушылар білім беру ұйымынан тыс болған кезде білім алушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері жауапты болатыны жөнінде түзету енгізіледі. Ал білім беру ұйымында оқу-тәрбие процесін және білім беру ұйымынан тыс жерде өткізілетін оқу-тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде білім алушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік білім беру ұйымы басшысының бұйрығына сәйкес педагогтерге жүктеледі.

Түсіндірме құжатта бұл түзету баланың өмірі мен қауіпсіздігі үшін мектептің жауапкершілігінің шекарасын анықтау мақсатында енгізілген. Балалар мектептен тыс уақытта (сабаққа дейін, сабақтан кейін, демалыс уақытында) жауапкершілік ата-аналарға немесе заңды өкілдерге жүктеледі.

Сондай-ақ білім алушы теріс қылықтар жасаған, мектептің ішкі тәртіп қағидалары талаптарын бұзған кезде оны сабақтардан шеттетуге, сондай-ақ ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің қасында еріп жүруінсіз білім беру ұйымынан шығаруға жол берілмейтіні жазылған.

Білім беру ұйымы ата-аналарды немесе өзге де заңды өкілдерді қажет болған жағдайда оларды білім беру ұйымына шақыра отырып, болған жағдай туралы хабардар етеді және тиісті шаралар қабылдайды.

Мұғалімнің шешімі бойынша сабақта қолдану қажеттігін есепке алмағанда, білім алушылар мен педагогтар сабақта мобильді байланыс құралдарын пайдаланбайды.

Құжат 28 наурызға дейін талқылау үшін  Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: