Қазақстанда телефон коды өзгеруі мүмкін
Сурет: pixabay
2023 жылғы 14 наурызда үкімет кулуарында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанның телефон коды өзгеруі мүмкін екенін мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
АҚШ-та Бағдат Мусин ITU басшысы Дорин Богдан-Мартинамен (Халықаралық электр байланысы одағының бас хатшысы) кездескенін айтты.
"Біз онымен осы мәселені талқыладық. +997-ге өту қиын емес. Бұл нөмірді біз үшін резервке қойып қойды. Бірақ мен оларға бізге +7 емес, +77-ні қалдыруды ұсындым. Алайда халықаралық ұйым болғандықтан, ITU шешімді бір күнде қабылдай алмайды, осындай өтініштер бойынша кездесулер, талқылаулар өткізуі керек. Олар бұл ұсынысты талқылаймыз деп уәде берді. Сондықтан Қазақстанда +7 емес, басқа елдермен бірге қолданылатын өзінің +77 коды болады деп үміттенеміз". Бағдат Мусин
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript