Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкенттің әуежайын үкіметтік комиссия тексеретін болды

Шымкент әуежайы, әуежай, Үкіметтік комиссия, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2023 17:18 Сурет: primerminister.kz
2023 жылғы 14 наурызда премьер-министр Әлихан Смайылов "Шымкент қаласы әуежайының жұмыс істеуі мәселелері жөнінде үкіметтік комиссия құру туралы" өкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Шымкент қаласы әуежайының жұмыс істеуі мәселелері жөнінде үкіметтік комиссия құрылсын. Комиссия жұмысқа дереу кіріссін, проблемаларды шешу бойынша нақты шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін", – делінген құжатта.

Үкіметтік комиссия құрамына мына лауазымдағы тұлғалар енді:

  • премьер-министрдің бірінші орынбасары, төраға;
  • индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, төрағаның орынбасары;
  • Шымкент қаласының әкімі;
  • Үкімет аппараты басшысының бірінші орынбасары;
  • ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі;
  • ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі;
  • ҚР ішкі істер министрінің орынбасары;
  • ҚР қорғаныс министрінің орынбасары;
  • ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі;
  • ҚР ұлттық экономика вице-министрі;
  • ҚР қаржы вице-министрі;
  • ҚР әділет вице-министрі;
  • Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
  • Бас прокурордың орынбасары (келісім бойынша);
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
  • Үкімет аппаратының нақты секторды және өңірлерді дамыту бөлімінің өңірлік инспекторы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: