Үкімет Алматы облысында G4 City арнайы экономикалық аймағы құрылғанын хабарлады
Сурет: primeminister.kz
ҚР Үкіметінің қаулысымен 2048 жылға дейінгі кезеңге Алматы облысында арнайы экономикалық аймақ құрылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Премьер-министрдің баспасөз қызметінің мәліметінше, Экономикалық аймақ Алматы қаласының солтүстігінде, ұзындығы – 80 шақырым А3 тас жолының (Алматы – Қонаев) бойында орналасқан, аумағы 30 мың га болады.
Оның аумағында арнайы құқықтық режим белгіленеді.
Жаңа экономикалық аймақ G4 City интеграцияланған қаласын құруға отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы климат ұсынады деп күтіліп отыр.
2048 жылға дейін АЭА шеңберінде:
- шамамен 3,7 трлн теңге көлемінде инвестиция тарту;
- құны 17 трлн теңгеден астам қызметтер мен тауарлар өндіру;
- сондай-ақ 60 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.
G4 City төрт ауданнан тұратын болады:
- Gate City – іскерлік және қаржылық орталық;
- Golden District – білім беру және медициналық хабы;
- Growing District – инновациялық-индустриялық және сауда-логистикалық аймақ;
- Green District – туристік кластер.
Болжам бойынша, G4 City-де шамамен 2,2 млн адам тұрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript