Жаңалықтар тізбегі
0

Қытай шекарасы маңындағы көлік кептелісі: Үкімет басшысының тапсырмасы қалай орындалып жатыр

Кеден, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2023 14:20 Сурет: gov.kz
2023 жылы 14 наурызда ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Қытаймен шекарада кептеліс туындайтын "қысқа дәліз" мәселесін шешуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың Қытаймен шекара арқылы тауар көлемін ұлғайту жөніндегі тапсырмасы қалай орындалып жатыр:

- электрондық кезек жүйесін жетілдіру жүзеге асырылды;

- "Нұр жолы" бақылау-өткізу бекетінің жұмыс уақыты ұлғайтылды;

- кеден бекетінің штаты қосымша кеңейтілді.

Сонымен қатар рәсімделетін жүктердің көлемін ұлғайту және шекарадағы бақылау операцияларын жеделдету үшін Қытайдың кеден, шекара және басқа қызметтерімен келіссөздер жүргізілді.

Қазіргі уақытта қазақстандық жүк тасымалдаушыларға Қытайға еркін кіруі үшін аталған елдің визасын алуға жәрдем көрсетіліп жатыр. Бұл ретте Көлік комитеті оңайлату мақсатында халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру үшін құжаттарды беру рәсімдері мен мерзімдерін қайта қарауда.


"Қабылданған шаралардың нәтижесінде 14-17 наурыз аралығында Қытайдан Қазақстанға жүк ағыны үш есеге – тәулігіне 500-ден астам машинаға өсті. Қазақстаннан Қытайға көлік ағыны екі есеге ұлғайып, тәулігіне орта есеппен 200 көлік құралына жетті", делінген Үкімет хабарламасында.

Демалыс күндері (18-19 наурыз + Наурыз мерекесі күндері) "Нұр жолы" өткізу пункті штаттық режимде – 08:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді.

ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасын орындау аясында тауар айналымы мен шекара пункттерінің өткізу қабілетін арттыру бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: