Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Батыс Қазақстан облысында заңсыз аң аулау азаяр емес

Қазір 3 дерек бойынша да қылмыстық іс қозғалды.

Сурет : 7 Қараша 2017, 10:26
Батыс Қазақстан облысында 80 дана киік мүйізін көлігіне тиеп алып бара жатқан азамат ұсталды. Өңірде соңғы 10 күнде заңсыз киік аулаудың 3 дерегі анықталған, деп хабарлайды QAZAQSTAN Ұлттық телеарнасы.

Жаңақала ауданына қарасты Мәштексай ауылында заңсыз аңшылықпен айналысқан 2 азамат қолға түсті. Көліктен 3 киіктің басы мен аңшы мылтығы, оқ-дәрілер табылды.

Сондай-ақ, 12 киіктің мүйізін салып алған Бөкей ордасы ауданы Мұратсай ауылының 3 азаматы ұсталды. Ал, 80 дана киік мүйізін қапқа салып, оңай олжаға кенелмек болған Қазталов ауданының тұрғыны жол бекетінде инспекторлардың қолына түсті.

Қазір 3 дерек бойынша да қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүруде. Заңсыз деректер «Браконьер» жедел іс-шарасының нәтижесінде анықталды.

- Осындай заңсыз аңшылықпен жыл басынан бері 62 факті анықталды. Соның ішінде 38 азамат ұсталып, 19-мен бүгінгі таңда соттың шешімі қабылданып, әр түрлі жазаларға тартылды, -дейді Табиғатты қорғау полициясы бөлімінің бастығы Еламан Уәлиев.

Ардақ Мұратқызы

Фото: nukte.kz

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер