Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ақтөбелік гинеколог: 14 жасқа толмаған оқушы қыздарда әртүрлі ауру белгілері анықталды

Мамандар жасөспірімдер арасында түрлі аурулардың көбейгенін айтты.

Сурет : 9 Қараша 2017, 12:53
Ақтөбеде жалғыз балалар гинекологиялық кеңес беру кабинетінің мамандары қыз балаларды балабақша жасынан гинекологқа апару керектігін айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

«Соңғы тоғыз айда 14 жасқа дейінгі 1812 жасөспірім қаралды. 1359-ынан әртүрлі ауру белгілері анықталды: жыныс мүшелерінің даму ақаулары, етеккір циклінің бұзылуы бар. Қаралғандардың 99 пайызы толыққанды ем алды. Жасөспірімдер арасында жоспарланбаған жүктілік мәселесі де жоқ емес. Біз жасөспірім болғаннан кейін «жоспарланбаған» деген сөз қолданамыз. Мүмкін олардың арасында жоспарлы түрде болған жүктіліктің де бар болуы мүмкін. Қыз бала 18 жасқа толмағаннан кейін жоспарланбаған жүктілік деп айтамыз», — дейді балалар гинекологы Салтанат Тобылбаева.

Мамандар жасөспірімдер арасында түрлі аурулардың көбейгенін айтты.

«Бізге қаралғандардың 12 пайызы — ауыл тұрғындары. Орталықтың алыстығынан балаларын әкеле алмауы мүмкін. Қазір жасөспірімдер арасында етеккір циклінің бұзылуы көп кездеседі. Бұл болашақта бедеулікке апарудың бірден бір себебі болуы мүмкін. Уақытында емдемесе күрделі асқынуға әкелуі мүмкін. Сондықтан баланы әр жарты жыл сайын гинекологқа әкелу керек. Балабақшаға, мектепке келгеннен гинекологқа әкеліп үйрету керек», — дейді дәрігер.

Фото: aktobenews.kz

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер