Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Әлеуметтік желіде алаяқтықтың тағы бір түрі пайда болды

Олар көбінесе «ВКонтактедегі» тобынан көп адамды құрығына түсірген.

Сурет : 15 Қараша 2017, 16:33
Қылмыскерлер банктердің әлеуметтік желідегі топтарына мониторинг жасап, өз құрбандарын тауып отырған. Бұл туралы life.ru жазды, - деп хабарлайды Baq.kz.

Group-IB халықаралық компаниясы банкке қатысты алаяқтықтың жаңа түрін анықтады. Алаяқтықтың бұл түрі банктердің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында белсенді деп танылған.

Хакерлер клиенттердің әлеуметтік желіде жазған сұрақтарын (комментарийлеріне) талдап, кейін оларға банк қызметкері ретінде хабарласқан.

Кибер қылмыскерлердің мақсаты – құрбандарының картасындағы ақшасына қол жеткізу. Атап айтқанда, олар адамдардың сеніміне кіріп, ақша аударуды растайтын SMS код, нөмір немесе картаның верификациялық кодын (CCV) біліп алған.

Олар көбінесе «ВКонтактедегі» тобынан көп адамды құрығына түсірген. Сарапшылар мұндай схемамен «Фейсбукте» де жұмыс істеуі мүмкін деп отыр.

Айта кетейік, Group-IB халықаралық компаниясы кибершабуыл және хакерлермен байланысты қылмыстарды тоқтату және тергеумен айналысады.

Фото: baq.kz

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер