Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Балқашта мас әйелдің үш жасар ұлын автомобиль қағып кетті

Дәрігерлер балаға ешбір туысының келмегенін атап өтті.

Сурет : 21 Қараша 2017, 15:50
Балқашта жолдың үстіне жүгіріп шыққан үш жасар баланы көлік қағып кетті. Ал, полицейлер оның мас күйдегі анасын наркодиспансерге жеткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА, қалалық ІІД-ге сілтеме жасап.

Бала Ағыбай батыр көшесінде жаяу жүргіншілер жолағы жоқ жерден көшеге жүгіріп шықан. Әйел бес жасар қызымен бірге келе жатып, ұлының жолға шығып кеткенін байқамай қалған.

Балақайдың миы шайқалып, бірнеше жерінен жарақат алған. Ол Балқаш қалалық орталық ауруханасына жатқызылды.

Дәрігерлер балаға ешбір туысының келмегенін атап өтті. Тек келесі күні клиникаға алкогольдің иісі шығып тұрған 29 жастағы анасы келген.

Полицейлер оны наркодиспансерге жеткізген.

«Баланы қағып кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аналық міндетін дұрыс атқармай жүрген анасының жағдайы туралы ювенальды полицияға хабарланды», - деді Балқаш ІІБ жергілікті полиция қызметінде.

Фото: inform.kz

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер