Жаңалықтар тізбегі
0

Балқашта ауруханада екі жасар бала қайтыс болды. Қызметтік тексеру жүріп жатыр

psycho4you.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2020 17:56 psycho4you.ru
Анасы дәрігерлер балаға дұрыс қарамай қойғанын айтады, әйтпесе оны аман алып қалуға болатын еді.

Балқашта екі жасар сәби ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

@Patriotkaragandy парақшасында хабарланғандай, 23 қазанда әйел қабағы ісігендіктен баласын ауруханаға жедел жәрдем бөліміне жеткізген. Дәрігерлер баланы толық тексеруден өткізіп, анализдер алды. Бірақ қандай да бір патологияны анықтамады, сондықтан бізді үйге жіберді. Медбике ауруханаға жатудан бас тарту үшін менен қолхат сұрап алып қалды, - дейді қаралы әйел.

Үйге келген соң бала бір-бір жарым сағатта нашарлай бастайды, ол қатты жылап, еріндері көгеріп кеткен. Жедел жәрдем оларды балалар ауруханасына жеткізді, бірақ анализдерден кейін оны қалалық аурухананың диагностикалық орталығына жөнелткен.

- Балам айқайлап, жылады, екі аяғын бүрістіріп, ішін ұстап, жылады. Дәрігерлер ешқандай процедура жасаған жоқ. Менің бірдеңе жасауды талап еткеннен кейін ғана ол жансақтау бөліміне жеткізілді, - деді баланың анасы.

Келесі күні, 24 қазанда, бала жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Таңертең дәрігерлер баланың жағдайы қалыпты, тұрақты деп айтқан еді.

- Мен УЗИ-ден өткізуді сұрадым, бірақ маған сенбі мен жексенбі болғандықтан, мұны дүйсенбіде жасауға уәде берді. Бірақ ұлым дүйсенбіге жетпеді, қайтыс болды. Үш дәрігер шығып, оның қайтыс болғанын хабарлады. Олар қанттың көбейіп кетуіне байланысты мида церебральды ісіну болғанын айтты, - дейді әйел.

Балада, анасының айтуы бойынша, созылмалы аурулары болғамаған.

- Баланың анасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Өлімге қатысты қызметтік тергеу басталды. Тергеу нәтижелері мен сот-медициналық сараптаманың қорытындысы баланың анасына міндетті түрде тапсырылады. Қызметтік тергеу объективті жүргізілетініне сендіргіміз келеді. Балаға медициналық көмек көрсетудегі заң бұзушылық фактілері анықталған жағдайда, аурухананың медицина қызметкерлері заңнамалық актілерге сәйкес жазаланады, деп хабарлады орталық аурухана әкімшілігі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: