«Соңғы рет қызымды 2015 жылдың сәуірінде көрдім. Өткен жылы маған виза берді апелляциялық соттың үкімін күтіп, бара алмадым. Осыдан кейін маған виза уақытын тағы жарты жылғасоөып берді. Сонда міне екі жылға жақындап қалыпты қызыммен сөйлеспегеніме де. Оның жағдайы туралы елшіліктен, қорғаушыдан біліп отырамын. Жақнда елшілік өкілі барған екен, олардан қатты сағынғанын айтып жіберіпті, басқа ештеңе», - дейді Ақжарқынның анасы.
«Мен жағдайым келгенше оған көмек жіберіп тұрамын. Қорғаушыдан 30-40 мың беріп жіберемін. Әрине оған барғым келеді. Қазір болса да баратын едім. Барғаныммен оны маған көрсетпейді. Менің төрт балам бар. Ақжарқын үйдің үлкені. Басқа бауырлары оны сағынып отыр. Кенжем өткен жолы Ақжарқынды түсінде көріпті. Үйде бұл мәселе жайлы көп сөйлеспейміз. Басқа балаларымның жүрегін ауыртқым келмейді. Бірақ әрқайсымыз Ақжарқынды ойлап жүргенімізді бір-біріміздің көзімізден ұғамыз», - дейді Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы.
Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?