"Біздің елдеріміздің арасындағы тамыры терең қарым-қатынас өзара түсіністік негізінде дамып, стратегиялық ынтымақтастық деңгейіне көтерілді. Маңызды мәселелер бойынша тұрақты түрдегі диалог, екі ел президенттерінің тығыз және достық қарым-қатынасы және жоғары деңгейдегі өзара іс-сапарлар барлық сала бойынша байланыстың дамуына ықпал етті. Қазақстанға биылғы жылы қыркүйекте жасаған ресми сапары барысында Түркия президенті Ердоған айтқандай, біз екі ел арасындағы ынтымақтастықты жаңа бағыттар бойынша дамытуға мүдделіміз", — деді Ахмет Айдын.
"Фетхуллах Гюленнің террористік ұйымының 15 маусымда мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған әрекетінен кейін Нұрсұлтан Назарбаев бірінші болып біздің елімізге келді. Осылайша ол біздің еліміз бен халқымызға қолдау көрсетті", — деп атап өтті ол.
"Латынға көшу жөніндегі шешімнің сәтті жүзеге асырылуына тілектеспіз. Бұдан бөлек, Қазақстанды ЭКСПО-2017 көрмесін сәтті өткізуімен құттықтаймыз. Біздің еліміз көрмеге белсенді қатысты, біз үшін бұл зор құрмет болды", — деген Ахмет Айдын "түрік әлемінің ақсақалы Нұрсұлтан Назарбаевтың орасан еңбегін" атап өтіп, қазақстандықтарды келе жатқан Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.
Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?