Қазақстанның латын әліпбиіне көшу туралы бастамасын Татарстан қазақтары қолдайды
Zakon.kz
Ресей Федерациясында тұрса да, ана тілін еш ұмытпаған.
Қазақстанның латын әліпбиіне көшу туралы бастамасын Татарстан қазақтары мен сонда білім алып жатқан жастарымыз қолдайды. Олардың пікірінше, бұл қадам халықтың рухани болмысы мен қоғамдық ой-сананы өзгертіп, оны жаңғыртуға зор үлес қосады, деп жазады QAZAQSTAN Ұлттық телеарнасы.
Қазан - РФ-ның ең ірі портты қалаларының бірі. Мұнда 1500-ге жуық қандасымыз тұрады. Жалпы, Татарстан бойынша 2500 қазақ тұрады. Саны аз болса да, ауызбіршіліктері берік. Елдегі жаңалықтарды қалт жібермей, әр бастамадан хабардар. Темірлан – Татарстан қазақтары ұйымының белсенді мүшесі. Жырақтағы қандастарымыздың басын қосып, үнемі маңызды шаралардың басы-қасында жүреді.
Ресей Федерациясында тұрса да, ана тілін еш ұмытпаған. Керісінше қазақ тілін дәріптеп, сондағы жас буынды ана тілінде сөйлетуге барын салып жүр. Қазақстандағы жаңалықтарды үнемі назарда ұстайды. Латын әлібиіне көшу туралы бастама көтерілгенде Темірлан шын қуанды.
Темірлан Тұрсынбаев, Татарстан қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясының мүшесі:
- Татарстанда тұратын қазақтар Қазақстанның латын әліпбиіне көшуін қолдайды. Себебі, ол Дүниежүзі қазақтарының басын біріктіреді деп ойлаймын. Басқа түркі халықтарымен бір әдеби тілі болуы мүмкін. Ол біздің елдерді жақындастырады, басын біріктіреді.
Латын әліпбиіне көшуді Қазан қаласында білім алып жүрген қазақ жастары да қолдайды. Айтуларынша, бұл қадам қазақ тілінің дәрежесін халықаралық деңгейге шығарады. Ұлттық сананы бұғаудан босатып, халықты рухани жаңғыртады. Сондай-ақ, Қазақстанның болашақ білімді ұрпағын қалыптастыруға жол ашады.
Айтолқын Тоқмырзаева, Қазан федералды университетінің магистранты:
- Латын әліпбиіне көшу көптеген мүмкіндіктер ашады. Қазақстанның алға қарай дамуына, беделінің артуына көптеген мүмкіндіктер береді. Латын әліпбиіне көшуді қолдаймыз. Оны әрі қара дамытамыз.
Шетте жүрген қазақ жастары Қазақстанның барлық бастамаларын осылайша қос қолдап қостап жүреді. Өйткені, бұл - елдің дамуы мен өркендеуі үшін жасалып отырған игі қадамдар.
Бақытжан Омар
Фото: www.inform.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript