Ғылым министрлігі латын әліпбиіне көшу мәселесіне қатысты пікір білдірді

Школьник, школьники, ученик, ученики, ученики старших классов, школа, школы, старшеклассники, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2026 13:07 Фото: Zakon.kz
Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026 жылғы 8 тамызда латын графикасына көшу мәселесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

"Қазіргі уақытта латын графикасына негізделген әліпби жобасы мен емле ережелері жетілдіріліп жатыр. Аталған жобалар тиісті нормативтік-құқықтық актілермен бекітілгенге дейін латын графикасының түрлі нұсқаларын қолдану негізсіз. Бұл мәселе бойынша тиісті ұйымдар жұмыс жүргізіп жатыр", – деді Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Эльмира Асан.

Алайда латын әліпбиіне көшудің нақты мерзімі әзірге белгіленбеген.

"Әліпбиді пысықтау бойынша нақты мерзім жоқ, бірақ оны жетілдіру жұмыстары жалғасып жатыр. Үкіметтің нақты тапсырмасы берілгенге дейін дедлайн да белгіленген жоқ", – деп толықтырды Эльмира Асан.

Қазақ әліпбиінің латын графикасындағы нұсқасы қалай әзірленгені туралы материалдан оқи аласыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: