Облыс әкімінің орынбасары жұмысы сапарымен Отырар ауданында болды

3 Қараша 2017, 11:02
Сурет:
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың арнайы бекіткен кестесіне сәйкес, облыс әкімінің барлық салалық орынбасарлары аудан, қалардағы атқарылған жұмыстардың барысымен танысуда, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Аталған тапсырмаға орай, облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр бастаған жұмысшы топ Отырар ауданында болып, бірқатар жұмыстардың барысымен танысып қайтты.

Жұмысшы құрам Көксарай ауылынан Шеңгелді елді мекеніне дейін тартылған «Есіркеп» каналын, Маяқұм каналының басындағы тоспа мен Бұқарбай сайы арқылы Сырдарияның бұрынғы арнасы Өгізсайға артық суды өткізетін асфальт жолдың астындағы көпірді көріп шықты.

Жұмыстың барысымен таныстырған аудан әкімі Ерлан Айтаханов атқарылуға тиіс жұмыстар жөнінде өз ұсынысын айтты. Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр ұсынысты қолдап арнайы техникалармен қамтамасыз етуге көмек көрсетіп, ықпал жасайтынын жеткізді.

Фото: ontustik.gov.kz

zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?