Жаңалықтар тізбегі
0

Облыс әкімінің орынбасары Түлкібаста жұмыс сапарымен болды

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2017 18:56 Zakon.kz
Сапары барысында Б.Жамалов Майлыкент ауылдық округіндегі әлеуметтік дүкен мен аудандық ұлттық спорт түрлерінен балалар және жасөсіпірімдер спорт мектебінде болды.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Жамалов жұмыс сапарымен Түлкібас ауданында болып, бірқатар әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарды аралап жұмысымен танысты.
Бауыржан Салдарұлы ең алдымен Тастұмсық ауылындағы облыстық бюджеттен салынып жатқан фелдьшерлік акушерлік пункте болып, құрылысымен танысты. Құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігермен кездесіп, құрылысты сапалы аяқтауды тапсырды.
Мұнан бөлек, ол Азаттық ауылындағы «Майлыкент сүт» ЖШС-нің сүт өндеу цехын аралап көрді. Жоба құны 80 млн теңге болатын серіктестікте 20 адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпорында тәулігіне 10 мың тонна сүт өңделіп, майсыз сүттен бастап құрт, айран, май, ірімшік сияқты 12 түрлі өнім дайындалады. Еліміздің бірқатар облыстарына тарайтын цех өнімдеріне облыс әкімінің орынбасары жоғары баға берді.
Сапары барысында Б.Жамалов Майлыкент ауылдық округіндегі әлеуметтік дүкен мен аудандық ұлттық спорт түрлерінен балалар және жасөсіпірімдер спорт мектебінде болды.
Бүгінде еліміздің қай өңірінде бол­ма­сын, қала, аудан, облыс орталық­та­рын­да балалар мен жасөспірімдер спорт мек­теп­тері жұмыс жасайды. Спорт мектеп­те­­рінің көптеген бөлімшелері ауылдарда оқушылармен жаттықтыру жұмыстарын жүргізіп отырады. Ал, аталмыш мек­теп­тің алға қойған негізгі мақсаты - оқушы­лар­мен жаттықтыру және тәрбие жұмыс­та­­рын жүргізіп, спорт түрлері бойынша жақ­­сы жетістіктерге жетуге тәрбиелеу. Оқу­шылардың денсаулықтарын нығай­тып, таңдап алған спорт түрлерінен қабі­лет­­терін шыңдай білу, халықаралық аре­на­да спорт түрлерінен халқының, елінің на­мысын қорғайтын мықты ұл-қыздар өсі­ру, дене тәрбиесі мен спорт бағытында белсенді оқушылар дайындау, жалпы бі­лім беретін мектептерге көпшілік спорт ба­ғытында көмек беру спорт мектебінің міндетіне кіреді.
Фото: ontustik.gov.kz
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: