-Үйдің иесін шақырттық. Сол кісілердің айтуынша, бұл үйді әйелдің өзі емес, бірге тұратын Қадыржан деген кісі жалдаған екен. Ол кісінің туу туралы куәлігі ғана бар екен. Анасы 91-ші жылғы. Дүйісбаева Ботагөз аты-жөні. Жеке куәлігін таппадық. Сондай-ақ, балалардың да туу туралы куәлігін таппадық, - дейді Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің қызметкері Алмагүл Дүйсебаева.
-Кеше төрт баланы алып келді. Үш қыз, бір ұл бала. Түрлерінен-ақ қараусыз қалғаны көрініп тұр. Барлық тексеурден өткіздік. Жағдайлары жақсы, - дейді Еңбекшіқазақ аудандық орталық аурахана директорының орынбасары Гүлнар Құраметова.
Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?