Төрт баласын қорлаған астаналық ата-ана құқығынан айырылды

ата-ана, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2023 02:27 Сурет: pixabay
Төрт баласын қорлаған астаналық ата-ана құқығынан айырылды, - деп хабарлайды Zakon.kz

Төрт баласын қорлаған астаналық ата-ана құқығынан айырылды, - деп хабарлайды Zakon.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Сотта физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық, балалардың қорланғаны туралы туралы ер адамның жұбайы, яғни зардап шеккен балалардың анасы мәлімдеді.

Әйел полицияға бірнеше рет көмек сұрап жүгінген. Астананың кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, ер адам әкімшілік жауапкершілікке де тартылған.

Балаларға жасалған қатыгездікті психолог пен медициналық сарапшы, сот отырысында балалардың өздері және куәгерлер растаған. Сот шешімімен талап толық көлемде қанағаттандырылған. Сот сотталушыны ата-ана құқығынан айырды. Шешім заңды күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: