Жаңалықтар тізбегі
0

Трамвай қағып кеткен қыздың анасы 1,5 млн теңге өтемақы талап етті

i.onthe.io, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2017 18:32 i.onthe.io
Павлодар қалалық №2 қылмыстық сотта Шынар Уәлитованың мәлімдемесі тыңдалды.
Павлодарда апалы-сіңлілі қыздарды қағып кеткен трамвай жүргізушісінің ісіне қатысты кезекті сот отырысы өтті. Жалғызбасты ана Шынар Уәлитованың қорғаушысы моральдық шығын ретінде күдіктіден 1,5 млн. теңге талап етті, - деп хабарлайды Baq.kz.

Павлодар қалалық №2 қылмыстық сотта Шынар Уәлитованың мәлімдемесі тыңдалды.

«Моральдық шығын ретінде 1,5 млн теңге көлеміндегі соманы өндіруді сұраймын», - деп жазылған мәлімдемеді.

Айыпталушының қорғаушысы өз кезегінде тармвай басқармасының зардап шеккендердің есебіне 2 млн теңге және кәсіпорынның мамандары өз еріктерімен 350 мың теңгені аударғанын іске қосуды сұрады. Десе де, Шынар Уәлитованың тарабы бұған қарсылық білдірді, себебі зардап шеккендер сотқа қарсы талапты трамвай бақсармасына емес, жүргізушінің өзінен ғана талап етілді.

Айта кетейік, 30 жастағы Наталья Пекничке қатысты алғашқы сот отырысы 21 қыркүйекте өтті. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3 бөлігі бойынша айыпталуда. Бүгінде сот процессін судья Думан Серікбаев жүргізуде. Бұған дейін айыпталушы ескі трамвайлардың спидометрлері жұмыс істемейтінін айтқан еді.

Еске сала кетсек, осы жылдың 7 қыркүйегінде таңғы сағат 7:43-те Ломов-Катаев көшелерінің қиылысында екі оқушыны трамвай басып кеткен еді. Салдарынан 12 жастағы Махаббат Масғұт жарақат алып, көз жұмды. Келесі сот отырысы 30 қарашада өтеді.

Фото: i.onthe.io
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: