Жаңалықтар тізбегі
0

Футболдан Астана біріншілігінің үздіктері анықталды

elorda.info, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2017 23:55 elorda.info
Үздік ойыншыларға медальдар мен кубоктар табысталды.
Еліміздің бас стадионы «Астана-Аренада» марапаттау рәсімі өтіп, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев бастаған топ жеңімпаздар мен үздік ойыншыларға медальдар мен кубоктар табыстады, - деп жазады Elorda info.

Мамыр айында басталған біріншіліктің ойындары «Астана-Арена» және «Тарлан-Арена» стадиондарында өтіп, оған 17 команда қатысты. Бірінші кезеңнен кейін турнир кестесінде жоғары орындарға орналасқан сегіз команда іріктелінді. Турнирдің аяқталуына төрт тур қалғанда бас кубоктан алты команда үмітті еді. Алайда қысқы маусымның чемпионы «Достар» командасы бір тур қалғанда басты бәсекелестерінен жеткізбестей ұзап кетті де, мерзімінен бұрын чемпион атанды. Ал екінші орын Астана біріншілігінің дебютанты «Тұңғыш Президент қоры» командасына бұйырып, үздік үштікті №8 БЖСМОР қорытындылады.

– Астана әкімінің кубогы өте жоғары дәрежеде өтті. Келесі жылдарда да бұл турнир жоғары мәртебеге ие болып, қатысушы командалар саны көбейе береді деген сенімдемін. Жалпы бүгінде елордамызда футбол жоғары қарқынмен дамып келеді. Қаламыздың басты клубы «Астана» қазір Еуропа лигасында атой салып жүр. Елорданың ғана емес, еліміздің беткеұстар клубына айналып, ел намысын Еуропада абыроймен қорғауда. Бұқаралық футболға да зор көңіл бөлініп жатыр. Бір-екі күндік турнирлерді айтпағанда, толыққанды біріншіліктер де көп, – деді Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.

Астана біріншілігінің үздіктері:

Үздік қақпашы – Игорь ЧЕРНЫХ (Достар)

Үздік қорғаушы – Азат СМАҒҰЛОВ (№8 БЖСМОР)

Үздік жартылай қорғаушы – Әділ БАЛҒАБАЕВ (Достар)

Үздік шабуылшы – Денис ПРОКОПЕНКО (Достар)

Үздік сұрмерген – Дидар СЫДЫҚБЕК (Бірінші Президент қоры)

Үздік жаттықтырушы – Андрей ШУМАРА (№8 БЖСМОР)

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: