Бөрлі ауданында жыл үздіктері анықталды
Бөрлі ауданының ішкі саясат бөлімі және "Ақсай жастары" қоғамдық бірлестігі әр сала бойынша озық еңбек үлгісін көрсетіп жүрген жастарды құрметтеу дәстүрі бойынша жыл үздіктерін марапаттады.
"Үздік жас көшбасшы" атағына аудандық, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы Қармысов Асылхан, "Үздік студент" Андыбаев Чингиз, "Үздік жас ұстаз" Балуанғалиева Шакизат, салауатты өмір салтын насихаттап, спортты серік еткен, "Үздік жас спортшы" Давлеткалиев Русландар өз саласының үздігі атанса, жас та болса білікті маман екенін дәлелдеп үлгерген Тукубаева Гаухар "Үздік жас дәрігер" деп танылды.
Сондай-ақ, Курумов Дамир "Үздік кәсіпорын жұмысшысы" деп танылса, "Үздік кәсіпкер" Қожантаев Диас, өнер әлеміне қанат қағып, би өнерін серік еткен Мықтыбай Айзада "Үздік жас өнерпаз" аталымын,
Ақсай-радиосының қызметкері Игібаева Айнұр "Үздік жас тілші" атағына ие болды.
"Үздік мемлекеттік қызметкер" ретінде Курманкулова Айнұр лайық деп танылса, Отанға деген қызметтің озық үлгісін көрсеткен "Үздік жас тәртіп сақшысы" Жақып Бағлан, "Үздік жайдарманшы топ" аталымымен "Империя" жайдарман тобы марапатталды. Үздіктер қатары мұнымен тоқталмады.
Жәрдемова Альбина "Үздік жас ақын", "Үздік жастар қолдаушысы" Шынтаев Жарқынбек, "Үздік волонтер" Қалила Ақнұр, "Үздік дизайнер" Иситова Диана сынды үздіктер ел қошеметіне ие болды.
Сәнімгүл Меңдібай.