Жаңалықтар тізбегі
0

Лотереядан ақша ұтқан әйел рак ауруынан жазыла бастады

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2017 22:23 Baq.kz
Омырауында 4-дәрежелі қатерлі ісіктің бары анықталған Бишоп екі рет джекпот «ұтып алды».
Лотереядан 1,5 млн доллар ұтып алған Диана Бишоп енді жұмыстан шығып, бар уақытын қатерлі ісікті емдетуге жұмсамақ, - деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Омырауында 4-дәрежелі қатерлі ісіктің бары анықталған Бишоп екі рет джекпот «ұтып алды». Екінші жеңісі дәрілердің ағзасына әсер етіп, денсаулығының жақсара бастауымен байланысты. Сент-Джонста орналасқан Atlantic Lottery’s кеңсесінде чек макетін ұстап тұрған әйелдің қуанышында шек жоқ.

«Бұл ақшаға жаңа үй сатып алады немесе шетелге саяхаттайды деп ойласаңыз, қатты қателесесіз. Мен бұл ақшаны еміме жұмсайын деп отырмын. Құдды иығымнан ауыр жүк түскендей күй кештім. 4-дәрежелі қатерлі ісікті жеңе алмайтынымды білемін. Десе де, лотереядан ұтқан ақшаның арқасында өмірімнің соңғы сәттерін мәнді де мағыналы етіп өткізгім келеді», — дейді ол.

Қатерлі ісік Бишоптың жамбас сүйегі мен өкпесін зақымдаған. Жастары жиырмаға келіп қалған екі ұлы бар жалғызбасты ана үшін ауруы туралы есту оңай болмаған. Осыдан кейін көп уақыт таңертең төсектен тұра алмай қиналады. Мұнымен қатар, бір аяғын сылтып басып, қара күшті талап ететін жұмыстарды істей алмай қалады.

Жұмыс пен аурухана арасында жүгіріп жүрген әйел лотерея билетінен шыққан ұтысқа қатты қуанған. Енді ол жұмыстан шығып, өмірінің соңғы сәттерін ойдағыдай етіп өткізе алады. Дәрігерлердің айтуынша, Бишоптың лотерея ұтысынан кейін денсаулығы да, көңіл-күйі де жақсара бастаған.
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: