Канадалық азамат лотереядан төрт рет джекпот ұтып алды

The Guardian басылымының мәліметінше, Дэвид Серкин тамыз, қараша және мамыр айларында жеңіске жеткен, сондай-ақ он жылдан астам уақыт бұрын тағы бір рет джекпот ұтып алған.

Сурет: Western Canada Lottery Corporation
Ресми деректерге сүйенсек, Серкин:
- 20 тамызда – 500 мың доллар,
- 16 қарашада – 1 миллион доллар,
- 3 мамырда – тағы 1 миллион доллар ұтып алған.
Соңғы ұтысты ол өзінің туған қаласы Летбридждегі жанармай бекетінде билет сатып алып, ұтыпты. Бұл джекпотты жеңу мүмкіндігі 33,3 миллионға 1 болған.
Серкиннің айтуынша, оның табысының сыры – ұзақ жылдар бойы үздіксіз және стратегиямен ойнауында. Ол лотереяны 1982 жылдан бері ойнап келеді.
Ол соңғы ұтыс билетін кездейсоқ сатып алғанын айтты – жанармай құйып тұрып, "Не жоғалтамын?" деген оймен ала салған.
Серкиннің достары оның тағы да ұтқанын естігенде: "Тағы да сен ба?!" – деп таңқалған. Ал әйелі бастапқыда сенбеген, осылайша екеуі ұмытылмас демалысқа аттанған.
Бұған дейін Үндістанда халық саны 1,5 миллиард адамға жақындағанын жазған болатынбыз.