Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның жаңа Бас мүфтиі сайланды

Фото: muftyat.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2017 17:58 Фото: muftyat.kz
Құрылтайға жиналған 300 делегат Серікбай қажы Оразға бірауыздан дауыс берді.

Бүгін Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандарының кезекті VIII құрылтайы өтті, - деп хабарлайды Zakon.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрылтай жұмысына ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төралқа мүшелері, Ғұламалар кеңесінің мүшелері, теолог-ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, еліміздің әр облысынан келген құрылтай делегаттары қатысты.

Құрылтай жұмысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2013-2017 жылдар аралығында атқарған іс-шараларының есебі тыңдалды.

ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Бас мүфти лауазымына наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың кандидатурасын ұсынды.

«Құрметті құрылтай делегаттары, осыдан 5 жыл бұрын Бас мүфти қызметіне сайланғанымда бұл аманатты абыроймен атқарып шығуды Алладан сұрап едім. Сіздермен бірге көптеген ауқымды іс-шараларды атқардық. Бұл аманатты орынбасарым Серікбай қажы Оразға тапсыруға шешім қабылдадым. Ол 20 жылдан астам діни салада қызмет етіп келеді. Діни басқарма тарихында үш мүфтидің кезеңінде белсенділігімен көзге түсті. Оның идеясы мен іскерлігінің арқасында көптеген игі жобалар жүзеге асты. Серікбай қажы Ораз Бас мүфти қызметін жоғары деңгейде атқарады деген сенімдемін. Сіздер де бұл ойымды құптайсыздар деп ойлаймын», – деп атап өтті.

Құрылтайға жиналған 300 делегат Серікбай қажы Оразға дауыс беріп, бірауыздан Бас мүфти лауазымына сайлады.

Серікбай Сатыбалдыұлы құрылтай делегаты алдында діни салада аянбай қызмет етуге сенім білдірді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: