Елбасы Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы елшісін қабылдады

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2017 22:05 Zakon.kz
Мемлекет басшысы кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.
Елбасы Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы елшісі Ержан Қазыхановты қабылдады, - деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Қазақстан Президентінің келесі жылдың басында Америка Құрама Штаттарына жасалатын сапарына қатысты жүргізіліп жатқан дайындық барысы жөнінде Мемлекет басшысына баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев алдағы сапардың маңыздылығына тоқталып, оның аясында жоғары деңгейде бірқатар маңызды кездесулер өтіп, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысына қатысу жоспарланып отырғанын айтты.

Мемлекет басшысы кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.

Фото: www.akorda.kz
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: