Жаңалықтар тізбегі
0

XXIII қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан 9 спорт түрінен қатысады

Фото: Вnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2017 18:44 Фото: Вnews.kz
Олимпиадаға 80-нен астам елдің 5000-нан астам спортшысы мен ресми өкілі қатысады.

ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясында ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков 2018 жылы Пхёнчхан қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарына дайындық барысы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Zakon.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Вице-министрдің айтуынша, 2018 жылғы Олимпиадаға 80-нен астам елдің 5000-нан астам спортшысы мен ресми өкілі қатысады. 15 спорт түрінен 102 медаль жиынтығы ойнатылады.

Қазақстан тоғыз спорт түріне қатысуды жоспарлап отыр. Олар: биатлон, мәнерлеп сырғанау, тау шаңғысы жарысы, шорт-трек, конькимен сырғанау, шана спорты, шаңғы тебу, трамплиннен шаңғымен секіру, фристайл (акробатика, могул).

Сәкен Мұсайбеков осыған дейінгі қысқы Олимпиадаларда Қазақстан ұлттық құрама командасы 7 медаль жеңіп алғанын еске салды. Олардың ішінде - бір алтын, үш күміс және үш қола медаль бар.

Сондай-ақ, вице-министр бүгінгі таңда ұлттық құраманың 23 олимпиадалық лицензиясы бар екенін айтты: биатлоннан - 10; мәнерлеп сырғанаудан - 3; шорт-тректен - 10. Лицензияларды жеңіп алу 2018 жылдың 30 қаңтарына дейін жалғасады.

«Қазіргі таңда біздің спортшылар Әлем кубогының жарыстарына және коньки спорты, биатлон, тау шаңғысы, шана спорты, трамплиннен секіру бойынша Халықаралық шаңғы спорты федерациясының жарыстарына қатысып жатыр», - деді Сәкен Мұсайбеков.

Министрлік 2018 жылғы Олимпиадаға қатысуға үміткерлер тізімін жасады. Бұл 9 спорт түрінен 50 спортшы.

«Үміт бар, біз оған сенеміз. 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының 25 үздік елінің қатарында болуды жоспарлап отырмыз », - деді вице-министр.

Сонымен қатар, Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитетінің ережелеріне сәйкес, ресми делегация спортшылар санының 50%-ынан аспауы тиіс.

Спикер алдағы Олимпиада кезінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарыстар туралы ақпаратты жедел жариялауға ерекше назар аударылатынын атап өтті.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, олимпиада алауы эстафетасына қатысқан адамдар тізімінде қазақстандық - ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаевтың да есімі бар. Биыл Оңтүстік Корея үшін маңызды «Pyeongchang 2018» спорттық шарасы аясында ұйымдастырушылар оған қатысатын құрметті қонақтардың тізімін бекіткен болатын. Тізімге іліккен құрметті қонақтар Чеджу қаласында Олимпиада алауы эстафетасына қатысқан.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: