Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан Пхенчхан Олимпиадасына спорттың 9 түрінен қатысады

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2017 18:38 Zakon.kz
Олимпиадада спорттың 15 түрі бойынша 102 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Қазақстан Пхенчхан қаласында өтетін 23-ші қысқы Олимпиада ойындарына спорттың 9 түрінен қатысатын болады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2018 жылғы 9 ақпанда Корея Республикасының Пхенчхан қаласында басталатын 23-ші қысқы Олимпиада ойындарының ашылуына 86 күн қалды. Өздеріңізге белгілі, 4 жылда бір рет өтетін Олимпиада ойындары әлемдік спорттың ең биік шыңы. 2017 жылғы Алматы қаласында өткен Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы жоғары деңгейде өткізуден және онда сапалы өнер көрсетуден кейінгі министрліктің маңызды мәселесі Пхенчхан қаласында 2018 жылы өтетін Олимпиада ойындарына спортшылардың лицензиялық жарыстарда сапалы өнер көрсетуін және жақсы функционалдық жай-күйінің болуын қамтамасыз ету болып табылады», - деді министр.

Оның дерегінше, Кореяда өтетін Олимпиада ойындарына әлемнің 80-нен астам елінен 5 мыңнан аса спортшының және ресми тұлғалардың қатысуы жоспарланған. Олимпиадада спорттың 15 түрі бойынша 102 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстанның спорттық делегациясы 9 спорт түрінен қатысуды жоспарлап отыр. Олар биатлон, мәнерлеп сырғанау, тау шаңғысы, шорт-трек, конькимен жүгіру, шаңғы, шана спорты, шаңғымен трамплиннен секіру, фристаиль, акробатика могул жарыстары.

«Қазақстан қысқы Олимпиада ойындарына жеке команда ретінде тұңғыш рет 1994 жылы Лиллехаммер қаласында өнер көрсеткені баршамызға мәлім. Тәуелсіздік жылдарында ұлттық құрама команда 7 Олимпиада медалін жеңіп алды. Оның ішінде 1 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль бар», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Фото:www.inform.kz
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: