Олимпиада-2026: 13 ақпан күні кімдер өнер көрсетеді
Сурет: Instagram/olympickz
13 ақпанда Олимпиада-2026 аясында спорттың сегіз түрі бойынша жарыстар өтіп, жеті медаль жиынтығы сарапқа салынады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz мәліметінше, 13 ақпан күні қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі төмендегідей:
- 15:45 – шаңғы жарысы, ерлер арасында 10 км (Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков);
- 18:00 – биатлон, ерлер арасында 10 км спринт (Владислав Киреев, Асет Дүйсенов);
- 23:00 – мәнерлеп сырғанау, ерлер арасындағы жекелей сайыс, еркін бағдарлама (Михаил Шайдоров).
Айта кетейік, Олимпиада ойындары 2026 жылғы 6–22 ақпан аралығында өтеді. Қазақстан намысын 10 олимпиадалық спорт түрі бойынша 36 спортшы қорғайды.
Бұған дейін қазақстандық конькимен жүгіруші 2026 жылғы Олимпиада ойындарында екінші мәрте үздік ондыққа енгенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript