Қысқы Олимпиадада 12 ақпан күні отандастарымыздың арасынан кімдер жарысқа түседі

Қысқы Олимпиадада 12 ақпан күні отандастарымыздың арасынан кімдер жарысқа түседі, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2026 10:14 Сурет: Турар Казангапов
12 ақпанда қысқы Олимпиада додаларында қазақстандықтар арасынан кімдер қай спорт түрі бойынша сайысқа түсетіні белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, бүгін Италияда өтетін Олимпиада ойындарына төрт спорт түрінен жеті қазақстандық қатысады.

Сурет: ҚР ҰОК

Бірінші болып 19 жастағы тау шаңғышысы Александра Скороходова өнер көрсетеді. Ақпан айының басында Германиядағы FIS турнирінде ол үздік 10 спортшының қатарына енген еді.

Ал фристайл-могулдан "медальға үміткер" Қазақстан құрамасының 29 жастағы көшбасшысы Павел Колмаков 16:15-те бағын сынайды.

Бұған дейін Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан Қазақстан әйелдер құрамасы финалдық кезеңде өнер көрсетіп, жарысты аяқтағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: