2026 жылғы қысқы Олимпиада: фристайл-могулдан қазақстандық спортшы қыздар жарысты аяқтады
Сурет: ҚР ҰОК
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан Қазақстан әйелдер құрамасы финалдық кезеңде өнер көрсетіп, жарысты аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін, 11 ақпанда Аяулым Әмренова, Юлия Галышева және Анастасия Городко екінші іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, финалға жолдама алды.
Алғашқы финалдық сырғанауда Галышева 14-орын, Городко 15-орын, Әмренова 18-орын алды.
Алайда бұл нәтижелер сегіз үздік могулшы ғана шығатын негізгі финалға өтуге жеткіліксіз болды.
Айта кетейік, 14 ақпанда параллельді могул сайыстары өтеді.
Бұған дейін қысқы Олимпиадада Қазақстан спортшысы шаңғы қоссайысынан өз нәтижесін жақсартқанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript