Қысқы Олимпиада: 15 ақпанда ел намысын кімдер қорғайды

Қысқы Олимпиада: 15 ақпанда ел намысын кімдер қорғайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2026 10:00 Сурет: olympic.kz
15 ақпанда 2026 жылғы қысқы Олимпиада аясында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында тоғыз медаль жиынтығы сарапқа салынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жүлделер шаңғы жарысы, биатлон, конькимен жүгіру, тау шаңғысы, трамплиннен секіру, сноуборд, фристайл және скелетон бойынша үлестіріледі.

Бұл күні Қазақстан спортшылары тау шаңғысы, фристайл, биатлон және конькимен жүгіру спортында бақ сынайды.

15 ақпанға арналған қазақстандықтардың жарыс кестесі

  • 14:00 (1-сырғанау), 17:30 (2-сырғанау) Тау шаңғысы – гигант слалом, әйелдер
    Александра Скороходова
  • 14:30 Фристайл – параллель могул, ерлер
    Павел Колмаков
  • 15:15 Биатлон – із қуу, 12,5 шақырым, ерлер
    Владислав Киреев
  • 21:00 Конькимен жүгіру – 500 м, әйелдер
    Кристина Силаева, Арина Ильященко

2026 жылғы қысқы Олимпиада 22 ақпанға дейін жалғасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: