Алматы облысында бес көлік соқтығысып, алты адам зардап шекті

Алматы облысында бес көлік соқтығысып, алты адам зардап шекті, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2026 19:05 Сурет: Zakon.kz
2026 жыл 14 ақпанда Алматы облысында республикалық маңызы бар KZ19-02 "Үшарал – Достық – ҚХР шекарасы (Достық шекара өткелі)" автожолында боран салдарынан жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін сағат 13:30 шамасында Көктума елді мекені маңында 5 жеңіл көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Апаттан алты адам түрлі дәрежеде жарақат алып, Алакөл аудандық ауруханасына жеткізілді.

"ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кезінде жол учаскесі қолайсыз ауа райына байланысты жабық болған. Шектеу 13 ақпанда сағат 12:00-де енгізіліп, синоптиктер болжамына сәйкес 17 ақпан сағат 09:00-де ашылуы жоспарланған еді.

Алдын ала мәлімет бойынша, көліктер бір бағытта қозғалған кезінде соқтығысқан. Апатқа қатысушылар полиция бекеттерін елемей, жабық жолдың ортасына шығып кеткен.

Сонымен қатар, құтқару қызметтері жолда қар құрсауында қалған 12 автокөлікті шығарды және 9 адамды қауіпсіз жерге жеткізді.

"ҚазАвтоЖол" жол қызметі тұрғындарға жолдағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді:

  • енгізілген қозғалыс шектеулерін бұзбау;
  • жабық учаскелерді далалық жолдармен айналып өтпеу;
  • жолға шығарда ауа райы мен жол жағдайын нақтылау;
  • боран мен қатты жел кезінде ұзақ сапарға шықпау.

"Уақытша шектеулерді елемеу азаматтардың өміріне қауіп төндіреді және құтқару жұмыстарының тиімділігін төмендетеді. Жолдағы қауіпсіздік – әр жүргізушінің жауапкершілігі", - делінген компания таратқан хабарламада.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: