Алматыда төрт көлік соқтығысып, балалар зардап шекті
Сурет: Zakon.kz
Алматыдағы Момышұлы көшесінде, "Алматы Аренаның" төмен жағында жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Солтүстік бағытта үш көлік - Mitsubishi Lancer, Hyundai Elantra, содан кейін Subaru Legacy - сол жақта тұрған.
Олар бұрылмақшы болып, қарсы бағытта келе жатқан көліктерді өткізіп тұрған.
Осы сәтте аяқ астынан Toyota Celica бар жылдамдықпен Subaru көлігіне соғылған.
Соққыдан Subaru-дың артқы бөлігі қирап қалған.
Subaru екпінмен Hyundai-ды, ал Hyundai Mitsubishi-ді соққан.
Оқиға салдарынан Subaru көлігінде болған екі бала зардап шекті. Олар ауруханаға жатқызылды.
Toyota Celica жүргізушісі мен оның жолаушысы да ауруханаға жеткізілді.
Toyota жүргізушісі тежегішті неге кенеттен басқаны әзірше белгісіз.
Жол полициясы қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript






