Алматыда жол полициясының ғимараты өртенді

Ғимараттың төртінші қабатындағы кеңседен өрт шықты.
Алматыда жол полициясы ғимаратынан өрт шықты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Куәгерлердің айтуынша, ғимараттың төртінші қабатындағы ең шеткі терезеден ашық жалын мен қою қара түтін шығып жатқан.
Оқиға орнына қалалық ТЖД өртке қарсы қызмет жұмыс жасап жатыр.
Қалалық ТЖД баспасөз қызметі әзірге түсініктеме берген жоқ.
Бөлісу
0
Толық оқу