Сапарбаев Тәуелсіздік күніне өңірдегі барлық кәсіпорын жұмысшыларына сыйақы беруді тапсырды

Фото: Аktobenews.kz Фото: Аktobenews.kz
Облыс басшысы бүгін Алға ауданында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады

Ақтөбе облысының басшысы Бердібек Сапарбаев облыстағы барлық кәсіпорын жұмысшыларына Тәуелсіздік күні қарсаңында сыйақы төлеуді тапсырды, деп хабарлайды Aktobenews.kz. Бұл туралы әкім Алға ауданында тұрғындармен кездескенде мәлім етті.

Айта кетейік, облыс басшысы бүгін Алға ауданында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Сапарбаев мектеп және екі бесқабатты үйдің құрылысымен танысты. Сонымен бірге, әкім газ реттеу стансасында болып, ондағы жұмысшылардың жағдайын білді.

«Айлықтарыңыз қанша, жұмыс істеу үшін жағдай жасалып жатыр ма? Сауалдарыңыз болса, қойыңыздар», — деді әкім. Жұмысшылар тарапынан сауал болмады.

Облыс басшысы барлығын келе жатқан мерекелерімен құттықтап, ел игілігі үшін жұмыс істей беруге тілектестігін білдірді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз