35 қостанайлық мемқызметкер әлеуметтік желілердегі суреттері үшін жазаға тартылды

Zakon.kz Zakon.kz
Жыл басынан бері облыста 980 мемқызметкер тәртіптік жазаға тартылған.

Қостанайда 35 мемлекеттік қызметшінің әлеуметтік желілерінен әдеп кодексі нормаларына нұқсан келтіретін суреттері табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің бастығы Мэлс Әбдірахмановқа сілтеме жасап.

Аталған фактілер мемлекеттік қызметшілер пайдаланатын әлеуметтік желілердің мониторингі кезінде анықталды. Белгілі болғандай, әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметшілердің түрлі кештердегі немесе өзге де қоғамдық орындардағы әдепсіз, тыйым салынған заттарды тұтыну кезіндегі фото және бейнежазбалары таралып кеткен.

«Барлығы 57 мемқызметкермен профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Оларға қызметтік этика тәртібін түсіндірдік. 35 қызметкер тәртіптік жазаға тартылды. Кодекс бойынша, әдептен тыс фото немесе видеоларды жүктейтін болса, оларды өшіру талап етіледі», - деді Әбдірахманов.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыста 980 мемқызметкер тәртіптік жазаға тартылған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз