Жаңалықтар тізбегі
0

СҚО агросекторға инвестиция тарту бойынша көш басында

sko.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2017 20:50 sko.gov.kz
Күн тәртібіндегі кезекті мәселе — облыстың 10 айдағы даму көрсеткіштері.

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен облыстық әкімдіктің отырысы өтті. Жиында ҚР Тұңғыш Президенті күнін атап өтуге дайындық барысы тыңдалды. Ішкі саясат басқармасының басшысы Әсем Рахметованың айтуынша, мереке аясында облыста 34 әлеуметтік маңызы бар нысан қолданысқа берілмек. Облыс әкімі жоспарды одан әрі толықтыруды тапсырды. Сондай-ақ өңірде халықпен кездесулер ұйымдастырылуы керек. СҚО әкімдігінің ашық есік күні сондай шаралардың бірі.

Күн тәртібіндегі кезекті мәселе — облыстың 10 айдағы даму көрсеткіштері. 2017 жылдың бірінші жартысында ішкі жалпы өнім көлемі 348 млрд. теңгені құрады, немесе өткен жылға қарағанда 101,3 пайызға артық. Өнеркәсіпте де оң өзгерістер байқалады, өсім 5,2 пайызды құрап отыр немесе 180 млрд. теңге. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі де 2,6 пайызға өсіп, 461 млрд. теңгеге жетті.

Құмар Ақсақалов СҚО ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту бойынша елімізде көш бастап келе жатқандығын атап өтті. Республика бойынша аталмыш салаға 206 млрд. теңге инвестиция тартылса, оның 53 млрд. теңгені біздің облыстың үлесінде немесе 25 пайызы.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2017 20:50, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2017 20:50

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: