Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-да инвестиция тарту жұмыстары күшейеді

БҚО-да инвестиция салу жұмыстары күшейеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2023 12:10 Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Жақында БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен өңірге инвестиция тарту, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және ел қазынасынан бөлінген қаржының тиімді жұмсалу мәселелері талқыланған жиын өтті.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанна Бекқалиеваның айтуынша, биыл өңірімізде жалпы 54 ірі жоба іске қосылуы қажет. Бүгінде оның 10-ы пайдалануға беріліп, 464 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылған. Айта кетсек, биыл «Ringo-Milk» ЖШС-ның сүт-тауарлы фермасы, «PlayCom Uralsk» ЖК-ның фанера өндіріс орны, «БҚҚМК» АҚ-ның силикатты кірпіш зауыты іске қосылған. «Nurbergen Health Resort» ЖШС-ның қонақ үй құрылысы аяқталып, «Талап» АҚ мен «Олимп» ЖШС-ның ғимараттары салынған. Сондай-ақ «Мерей» ЖШС-ның сауда үйі, «Диана» ЖК-ның құрама жем өндірісі кешені, «Уральск АЗС Сервис» ЖШС-ның жанар-жағармай құю бекеті және «PHX-KZ» ЖК-ның химикалық өнімдер шығаратын зауыты пайдалануға берілген.

БҚО-да инвестиция салу жұмыстары күшейеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2023 12:10

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Өткен жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 9,9%-ға өсіп, 501,1 млрд теңгені құраған.

Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Бибігүл Қонысбаева қаңтар-наурыз айында облыстың жеті негізгі көрсеткіші бойынша оң динамика байқалғандығын атап өтті. Нақтырақ айтсақ, машина жасау саласында өнім 46,1%-ға, металлургия өнеркәсібі - 44,3%-ға, мұнайды қайта өңдеу саласындағы өнім 40,4%-ға артқан. Ауыл шаруашылығы өнімі 5,5%-ға артып, 28,6 млрд теңгені құраған. Ет өндірісі 8,6%-ға, сүт 2,9%-ға артты. Алайда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру Байтерек, Бөрлі ауданында және Орал қаласында төмен. Тұрғын үйлерді салу қарқыны Бөкей ордасы, Сырым,Теректі аудандарында және Орал қаласында баяу. Инвестиция тарту жұмыстары Шыңғырлау ауданы мен Орал қаласында жоқтың қасы.

БҚО-да инвестиция салу жұмыстары күшейеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2023 12:10

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласына инвестиция тарту жұмыстарының кемшін жүріп жатырғандығын ескертіп, сала мамандарына тапсырма беріп, күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша сала мамандарына бірқатар тапсырмаларды жүктеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: