Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы студенттік театр жаңа қойылымын сахналады

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2017 16:52 Zakon.kz
Театр репертуарында 9 спектакль бар.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Жан сарайы» студенттік театры «Бес саусақ бірдей емес» спектаклін сахналады. Бұл туралы оқу орнының Баспасөз орталығының жетекшісі Жандар Асан хабарлады.

Көпшілік назарына алғаш рет ұсынылып отырған қойылымда бес бойжеткеннің тағдыры баяндалады. Мектепті жаңадан бітірген өрімдей бес қыздың өмір жолдары әр тарапқа түсіп, соқтықпалы соқпақты жолдардан өтеді.

Бойжеткендердің тағдыры қаланың қым-қуыт өміріне ұласып, алданып, әркімге арбалып, ақыры соңында сабақ боларлықтай оқиғамен аяқталады. Күнделікті күйбең тіршілікте кезігетін оқиға. Әсіресе, қаланың даңғаза тіршілігіне қызыққан ауыл баласына тән құбылыс. Оқиға желісі бес қыздың арасында өрбіп, сан түрлі мінез-құлық иелерінің образын ашады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2017 16:52

– Студенттік өнер ұжымының бұл пьесаны таңдап алуы бекер емес. Біз тәрбиелік маңызы зор қойылым арқылы жастарды жаман әрекеттерден сақтандырғымыз келді. Оларға ой салып, оң жолмен жүруді насихаттамақ ниетте болдық, – дейді театрдың қоюшы режиссері, Өнер және мәдениет факультетінің оқытушысы Дәулет Әріпов.

Оның айтуынша, алдағы уақытта студенттік өнер ұжымы жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленген һәм классикалық қойылымдарды сахналауды жоспарлап отыр.

Мамандықтары кәсіби актерліктен алыс болса да Аружан Оразалы, Ақтоты Төлеуғалиева, Таңшолпан Қайрат, Айжан Гаппарова және Дария Өтжан сынды өнерпаздар басты рөлдерді шебер сомдап шықты. Шынайы образдарымен көрерменді сендіре білді.

– Сахнаның киесі мен ұлы өнердің құдіретіне деген шексіз махаббатымыз «Жан сарайына» алып келді. Дана халқымызда «Ел ішінде өнер бар, өнерді тапқан шебер бар» деген нақыл сөз бар. Біз үшін қоғамдық ой-сананың шарықтау шегі мен адами дүниетанымның жемісі болып табылатын театр өнерінің орны бір төбе. Болмыс-бітімі әрқилы кейіпкерлердің рөлін сомдау арқылы мәңгілік сезімге толы бекзат өнердің қыр-сырын меңгере түсеміз, – дейді өнер ұжымының мүшелері.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2017 16:52

Театрдың құрамы жыл сайын толығып отырады. Басым бөлігі Өнер және мәдениет факультетінің студенттерінен құралған ұжым үнемі дайындық үстінде.

Ашылғанына 11 жылдың жүзі болған «Жан сарайының» алға қойған мақсаты биік. Жас өнерпаздар Алматы қаласындағы іргелі өнер ордаларымен тығыз байланыс орнатып, кәсіби актерлермен шығармашылық бірлестікте жұмыс атқаруда.

Театр репертуарында 9 спектакль бар. Олардың қатарында «Біз жетімбіз», «Келіндер көтерілісі», «Қара шекпен» сияқты шоқтығы биік туындылар бар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: