Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық фильм алғаш рет бір уақытта 5 елде көрсетіледі

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2017 17:23 inform.kz
Фильмде басты рөлді танымал театр және кино актрисасы Айсұлу Әзімбаева мен 9 жасар Анастасия Вострова сомдаған.
Танымал қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың «Она» фильмі ТМД-ның бес елінде прокатқа шығарылды, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Она» психологиялық триллері бірнеше елде бір уақытта прокатқа шығарылған алғашқы толықтай қазақстандық өнім атанды. Ол ТМД-ның бес елінде — Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстанда көрсетіледі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2017 17:23

Фильмде басты рөлді танымал театр және кино актрисасы Айсұлу Әзімбаева мен 9 жасар Анастасия Вострова сомдаған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2017 17:23

Сюжет бойынша, бүлдіршін қыз анасымен бірге үлкен қалада өмір сүреді. Бұл қалада олардан басқа ешкім болмайды. Алайда, бір күні қызға өзін біреу аңдып жүргендей және оны анасынан айырғысы келетіндей сезіледі. Екі кейіпкер де ақырын естерінен ауыса бастайда, бірақ олар тірі жан баласы жоқ қалада тағы бір адамның барын байқайды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2017 17:23

Айта кетейік, «Она» психологиялық триллері бүгіннен бастап ТМД-ның 5 еліндегі 400 кинотеатрда, соның ішінде Қазақстанның 70 кинотеатры мен Ресейдің 350 кинотеатрында прокатқа шығады. Фильмнің әлемдік премьерасы Пусандағы кинофестивальде өтті.

Фото: www.inform.kz

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: