Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте 1200 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2017 19:27 ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
ОҚО бойынша білім беру саласында осы жылы 82 нысанның құрылысына 29,8 млрд. теңге көлемінде қаржы қаралып, құрылыстары жүргізілуде.

Шымкент қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығында заман талабына сай жабдықталған жаңа 1200 орындық мектеп пайдалануға берілді.

№130 жалпы орта мектебінің ашылу салтанатына қатысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ел Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында есігін айқара ашып отырған мектеп жаңа бастамаларға бай екенін атап өтті.

«Білімнің деңгейін көтеру үшін мектептің сапасы жақсы болуы керек. Бұл осындай қағидатпен салынған білім ұясы. Балалар салауатты өмір салтын ұстану үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда 3 бірдей спорт залы бар. Сондай-ақ, мектепте тігін, ағаш ұстасы сынды түрлі үйірмелердің жұмыс жасауына мүмкіндік мол. Яғни, мұнда білім алған оқушы әмбебап болып қалыптасады. Мұның барлығы Елбасы саясатының нәтижесі», - деді облыс әкімі.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ашылып отырған білім ордасында оқушыларға арналған 61 оқу бөлмесі мен жаңа үлгідегі биология, физика, химия, информатика, мультимедиялы-лингофонды кабинеттер, кітапхана, асхана, акт, спорт залдары мен спорт алаңы, қыздарға және ұлдарға арналған шеберханалар қарастырылған.

Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша білім беру саласында осы жылы 82 нысанның құрылысына 29,8 млрд. теңге көлемінде қаржы қаралып, құрылыстары жүргізілуде. Оның ішінде осы жылы 32 нысан пайдалануға тапсыру жоспарланған. Ал бүгінгі күнге дейін 28 мектеп ашылған болса, жыл соңына дейін қалған білім ошақтары ел игілігіне беріледі. Ал қалған 50 нысан келер жылға өтпелі.

Аталған 82 нысанның 67-і мектеп, 10-ы қосымша құрылыс, 2-і қайта құру, 1-і колледж, 2-і колледждің қосымша құрылыстары.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: